Әдістемелік жұмыстар » Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 22-6-99
Есепші бөлімі:
+7(72773) 22-6-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
сентябрь
2017

Әдістемелік жұмыстар

Әдістемелік жұмыстар.
Мектепте мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін қалыптастыруды ұйымдастыру мақсатында 3 әдістемелік пән бірлестіктері, кәсіби қоғамдастық құрылған.Бірлестік жетекшілері тамыз айындағы №1 педагогикалық кеңесте бекітіліп, жоспар бойынша іс-шаралар жүйелі жүргізілді. «Балдырған» бастауыш сынып бірлестігі (жетекшісі Г.Тойбаева), «Зерде» қоғамдық-гуманитардық пән бірлестігі (жетекшісі М.Худайназарова), «Мирас» жаратылыстану-математика пән бірлестігі (жетекшісі Ж.Төлжарасова).
Әдістемелік жұмысты жандандыру барысында педагогикалық ұжымда 8 мұғалім деңгейлік курстан өтіп, әріптестеріне курстан кейінгі қолдау жұмыстарын жүргізуде.
Теориялық және ғылыми практикалық семинарларға, педагогикалық шеберлік конкурстарына, педагогикалық оқуларға, конференцияларға қатысу, озық іс-тәжірбиелерді пайдалану, апта сайын интернет сайтына шығу, өзін-өзі талдай білуі мұғалімдерінің шығармашылық жұмысын арттырады.
Семинарларға қатысу.
«Озат тәжірибе тарату, жинақтау, зерттеу» жұмысы бойынша жүйелі шаралар жүргізілді. Мұғалімдер өздерінің тәжірибелерін халықаралық, облыстық, аудандық, мектепішілік сеинарларға қатысып, тәжірибе алмасты. Мектепішілік, аудандық, облыстық семинарлар (педагогикалық оқу, дөңгелек үстел, әдістемелік көмек): 21 қазанда «Сабаққа мақсатты қатыса және талдай білеміз бе?» тақырыбында өткен мектепішілік семинарда жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі, І (ілгері) деңгейлі Г.Жұрқабаева «Топтық жұмыс барысында дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері» тақырыбында мектепішілік коучинг-сессия жүргізді.


23 қарашада Бақанас орта мектебінде деңгей мұғалімдерінің арасында аудандық әдіскерлердің ұйымдастыруымен өткен семинарда жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі, І (ілгері) деңгейлі Г.К.Жұрқабаева «Кері байланыс – ойлау туралы ойланып, тақырыпты меңгерудің кепілі» атты коучинг өткізді.

29 қазанда Ақкөл орта мектебінде «Жүрегім толы мейірім» атты аудандық мектептер қамқоршыларының семинары болып өтті. Семинардың мақсаты «Қамқоршы отбасылардың күрделі проблемаларын, балаларды тәрбиелеуде отбасы рөліндегі өзекті мәселелерді және олардың шешілу жолдарын талқылау, қорғаншы, қамқоршыларға құқықтық көмек көрсету; қамқоршылардың ата-аналық махаббат сезімін дамыту; ауданымызда қамқорлықсыз қалған балаларды қамқорлығына, қорғаншылығына алған ата –аналарды марапаттау, құрметтеу болды Семинарда әр ауылдан келген қамқоршылар мен қорғаншыларға жоғарғы санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп психологі Г.С.Нұрымбетова «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» тақырыбында коучинг өткізді.

Қараша айында аудандық семинарда жоғарғы санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.С.Нұрымбетова «ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында шебер сынып өткізіп іс-тәжірибе таратты. Желтоқсан айында мектепішілік семинарда «Үлгермейтін оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері» тақырыбында коучинг жүргізді.

Желтоқсан айында «ОүБ және ОБ –дың оқыту үрдісіне әсері» тақырында өткен мектепішілік дөңгелек үстелде бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі, ІІ (негізгі) деңгейлі Ғ.Қ.Тойбаева «Бағалау-оқушылардың ынтасын арттыру құралы» тақырыбында коучинг өткізді.

Желтоқсан айында бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ІІ негізгі деңгейлі Н.Г.Денгелбаева «Оқыту үшін бағалаудың оқыту сапасына әсері» тақырыбында коучинг өткізді.

Қазан айында Қапшағай қаласында "Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тәсілдері мен тиімді жолдары" тақырыбында өткен аймақтық семинарға бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Н.Сейсенбаева қатысып келді.
Қараша айының 25 жұлдызында Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, Сарыөзек орта мектебінде «География пәнін оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігі» атты тақырыпта өткен аймақтық семинарға І санатты география пәнінің мұғалімі Ж.Қ.Төлжарасова қатысып, іс-тәжірибе алмасып келді.


Желтоқсан айында бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі, ІІ негізгі деңгейлі А.К.Проценко МДЖ –на сәйкес «Креативті ойлау» тақырыбында коучинг өткізді.


8 тамызда Талдықорған қаласында өткен облыстық тамыз кеңесінде жоғарғы санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп психологі Г.С.Нұрымбетова «Инновациялық белсенді жұмыс әдістері мен нысандарын енгізу арқылы педагогикалық үдеріске психологиялық қолдау көрсетудің сапасын арттыру» тақырыбында шебер сынып жүргізіп, іс-тәжірибе таратты.

Қараша айында «Әдістемелік қызметтің оқу тәрбие үрдісіндегі ұйымдастырылу бағыттары» тақырыбында аудандық әдістемелік кабинеттің аға әдіскері А.Е.Смағұлов, Ж.Қойшығұлов т.б. әдіскерлердің ұйымдастыруымен әдістемелік күн өтіп, мұғалімдергі әдістемелік көмек берілді.


Наурыз айында бірінші санатты қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н.Сейсенбаева «Абайтану курсын оқыту мәселелері» тақырыбында облыстық семинарда өз іс-тәжірибесін таратты. Мамыр айында облыстық «Жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалау жүйесін енгізудің теориялық-әдістемелік аспектілері» тақырыбындағы семинарға белсене қатысқаны үшін Жұрқабаева Гаухар марапатталды.

Похожие публикации:

11 сентябрь 2017 Ата-аналармен жұмыс