Ата-аналармен жұмыс » Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 22-6-99
Есепші бөлімі:
+7(72773) 22-6-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
сентябрь
2017

Ата-аналармен жұмыс

Ата-аналар ұымының мақсаты: Барлық мектеп ұжымындағы ұстаздар мен сынып жетекшілермен ата-аналардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру.
Міндеті: Ата-аналармен әңгіме, тест, сауалнамалар, түрлі іс-шараларға қатыстыру арқылы байланыс жасау.
Мектеп бойынша әр тоқсан сайын әрбір сыныптарда 4 рет және мектеп бойынша жылына 2 рет ата-аналар жиналысы өтіп тұрады. Ата-аналармен жүргізілген тест, сауалнамаларының бір түрі «Сіз қандай ата-анасыз?» атты тақырыпта және «Сіздің балаңыз оның достары» тақырыптарында барлық сыныптардан сауалнамалар алынып, қорытындысы шығарылды. Мектепте өтетін сыныптан тыс іс-шаралар «Алтын күз», «Ұстаздар мерекесі», «Жаңа жыл» кеші «Наурыз мейрамы», «Мен және менің отбасым» тақырыптарында өткізілген шараларға ата-аналар демеушілік көрсетіп ат салысуда.
«Қамқорлық» айлығында ұстаздар, ата-аналар демеушілігімен қор ұйымдастырылып,мектептің көмекті қажет ететін балаларына үлестіріліп, концерттік бағдарламалар беріледі. Ата-аналар жиналыстарында «Бала біздің болашағымыз», «Отбасындағы бала тәрбиесі», «Бүгінгі бала-ертеңгі болашақ» тақырыптарында баяндамалар оқылды.