Мерекелік іс-шаралар » Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 22-6-99
Есепші бөлімі:
+7(72773) 22-6-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
сентябрь
2017

Мерекелік іс-шаралар

Қазан айында «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында ұстаздарға арналған концерттік бағдарлама және тәрбие сағаттары өтілді.
«Қарттарым асыл қазынам» жалғыз басты қарттарға шевтік көмек көрсету «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен үйлерін тазалап, отындарын жарып, аулаларын тазалау жұмыстары жүргізілді. Наурыз айында «Ана» тақырыбында 10-11 сыныптар ақжаулықты аналармен кездесу өткізді, концерттік бағдарламасы қойылды. Барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Жыл сайын «Қыз сыны» байқауы өткізіліп тұрады. Көктемде қазақтың ұлттық мейрамы наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаттары өткізілді. Қыркүйек айында «Иманды ұл инабатты қыз біздің болашағымыз» тақырыбында кітапханада 5-8 сыныптар аралығында кездесу өткізілді. Қазан айында ұлдар жиналысы «Адамгершілік асыл қасиет» тақырыбында баяндама оқылды. Қараша айында «Әдепті оқушы қандай болуы керек?» тақырыбында бастауыш сыныптарда ертеңгілік өтілді. Наурыз айында «Балалар арасында әлемде және республикада діни экстремизмге қарсы көзқарас» тақырыбында семинар өтіліп, баяндама өтілді. Сәуір айында «Имантараз» тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді.Білім бөлімінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге байланысты» бұйрығына сәйкес Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебінде сыныптан тыс іс-шаралар, сынып сағаттары өтілді. Биылғы оқу жылының 1 қыркүйегінде әр сыныпта «Менің Қазақстаным- менің болашағым» атты тақырыпта оқушылар мен ата-аналар арасында бірлескен кездесу сынып сағаттары өтілді.


Желтоқсан айында «Ұмытылмас желтоқсан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты 9 сыныбында, «Тәуелсіздігім тірегім» тақырыбында бастауыш сыныптарда ертеңгіліктер, сынып сағаттары өтіліп,салтанатты жиында 1, 5 – сынып оқушылары ант қабылдап, «Жас Қыран», «Жас Ұлан» оқушылар ұйымына мүше болды.
«Қазақстан-2050» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың логикалық ойлау, даму қабьілеттерін дамыту мақсатында мектепе «Шахмат» үйірмесі 5 сыныпта жұмыс жасайды. «Салауатты өмір салты» тақырыбында қабырға газеті жылда жаңарып шығарылып отырады. Аудандық мектепішілік жарыстарға өз үлестерін қосып жүрген оқушыларымыз – 11 сынып оқушысы Ардақұлы Санжар, 11 сынып оқушысы Тәшенқара Ұлыбекті мақтанышпен айта аламыз.
Жыл сайын мектебімізде 1 - желтоқсан «Дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес» күніне байланысты әр түрлі іс-шаралар өтеді. Мысалы: «СПИД ғасыр дерті» әңгіме, «Нашақорлыққа жол жоқ» сынып сағаттары, «Өз өмірің өз қолында» тақырыптарында тақырыптық кеш өткізілді. Сурет көрмелері ұйымдастырылып, аурудың түріне мағлұматтар берілді. Түсіндірме парақшалар таратылды. Көктем күз айларында президенттік сынақ тапсырылып, оқушылар мен ұстаздар арасында спорттық іс-шаралар өтеді.
Мектепте құқықтық тәрбие жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Құқықтық кеңес тобы құрылған. Құқық пәнінің мұғалімі С.А.Алтынбекова «Заңды білу талабы» тақырыбында дәріс өткізді. Жасөспірімдерді қорғау инспекторымен учаскелік инспекторымен кездесу, пікірталас, сұқбаттасу болды. Оқушылар өз ойларында жүрген сұрақтарды қойып, пікір алысты. Мектеп психологы тәртібі қиын оқушылар анықтау мақсатында әңгіме жүргізіп, сауалнамалар алды. Ата-аналармен кездесулер өткізілді. Сыныптарда әртүрлі тақырыпта сынып сағаттары өтті. Оқушыларды адами әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу, айнала табиғат көркіне сүйіспеншілікпен қарау, жүріп- тұру, киіну мәдениетін сақтау барысында «Қоғамдық ортада өзіңді қалай ұстайсың?» қазан айында барлық сыныптарда тәрбие- өнеге сағаты жүргізілді. Киім үлгісі, өзін ұстау мәдениетіне байланысты «Әдептілік- әдемілік» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс. Жыл сайын арулар мерекесі түрлі деңгейде атап өтіледі. «Көгілдір көктем мерекесі құтты болсын» тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырылып, «Қыз сыны» байқауы өткізілді. «Өнерін сыйлаған ел өрге шығар» тақырыбында қыз балалар арасында байқау өткізіліп, қыздардың ішіндегі даралары марапатталды. «Ата- ананың сөзі – тәрбие көзі» тақырыбында бастауыш сыныптарда ой талқы, өнеге сағаттары жүргізілді. Наурыз көктемнің, тіршіліктің алғашқы құлпырған айы, осы орайда «Гүл өсіре білесіз бе?» тақырыбында сырласу, әңгіме сағаты 5-7 сыныптарда өткізіліп, гүлдің сырлары туралы оқушылар толық мәліметтер алды.