Аудандық педагог-психологтар мен арнайы мамандар семинары туралы » Ж.БәрібаевСредняя школа имени
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
+7(72773) 22-6-99
Бухгалтерия
+7(72773) 22-6-99
Версия для
слабовидящих
» » Аудандық педагог-психологтар мен арнайы мамандар семинары туралы
24
апрель
2023

Аудандық педагог-психологтар мен арнайы мамандар семинары туралы

Аудандық педагог-психологтар мен арнайы мамандар семинары туралы

2023 жылдың 21 сәуірі күні «Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО» МКМ- де аудандық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Абенова Перизат Қуанышқызының ұйымдастыруымен «Білім мекемелерінде педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында (мектеп психологтары мен логопед, дефектологтарға арналған) аудандық семинар өтті. Семинар мақсаты – педагог-психолог, логопед-дефектолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін дамыту, өзара тәжірибе алмасу. Аталған шараға аудан мектептерінен барлығы 27 педагог қатысты.
Семинар жағымды психологиялық аухал орнату мақсатында мектеп психологы А.Косымованың «Көңілді шеңбер» тренингісімен басталды.Бағдарлама бойынша семинардың өту барысы: Аудандық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Абенова П.Қ.
« Білім беру мекемелерінде педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында таныстырылым жасады. Бірлік ом психологы Қыдырбай Б.М «Ерекше білімді қажет ететін балаларды қалыпты ортаға бейімдеудің жолдары» таныстырылым жасады . №1 Жамбыл ат.ом арнайы маманы Копеева А «Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқытудың тиімді әдістері» шебер сынып өткізді. Б.Бейсекбаев ат.мг педагог-логопеды Бурлибаева Ж «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жолдары» практикалық жұмыс көрсетті. Б.Бейсекбаев ат.мг педагог-психологы Рысбекова Г «Ерекше білімді қажет ететін балалардың зейінін дамытатын ойындар мен жаттығулар» шебер сынып. №1 Жамбыл ат.ом педагог-психологы С.Чокенова «Психологиялық түзету сабағында Монтосорий әдісін тиімді пайдалану» түзету сабағын жүргізді.Әр жұмыс бойынша керібайланыс беріліп отырды.Жүргізілген жұмыстар бойынша тиімді тәжірибелік алаң жүзеге асты, педагогтер өз қоржындарын жаңаша тиімді әдіс-тәсілдермен молайтып, тәжірибе алмасты.Семинар соңында ұсыныстар айтылып, жұмыс барысында туындап жүрген сұрақтар бойынша сауалдарын қойып, жауабын бірлесіп таба білді.