"Ұшқыр ой" аймақтық дебат сайысы » Ж.БәрібаевСредняя школа имени
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
+7(72773) 22-6-99
Бухгалтерия
+7(72773) 22-6-99
Версия для
слабовидящих
» "Ұшқыр ой" аймақтық дебат сайысы
24
ноябрь
2022

"Ұшқыр ой" аймақтық дебат сайысы

Қараша айының 23- жұлдызы күні Балқаш аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ж. Бәрібаев атындағы орта мектебінде «Ұшқыр ой» дебат алаңы аймақтық зияткерлік дебат сайысы өтті.
Турнирдің мақсаты: Мектеп оқушылар арасында саяси мәдениетті орнату, адами құндылықты жанына серік еткен, сыны ойлау қабілетті қалыптасқан,, қоғамдық өмірге белсене араласатын жаңа буынын қалыптастыру.
Мектеп оқушыларын Мектеп Парламенті өзін-өзі басқару ұйымының «Дебат» фракциясы құрамына тарту. Мектепішілік пікірсайыс ұйымдастру, үздіктерді анықтап, ынталандыру. Мектеп намысын қорғайтын үздік оқушыларды анықтау. Мектеп оқушыларын мектепаралық, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатыстыру, тәжірибе алмасу арқылы үздік натижелерге қол жеткізу.
Ж. Бәрібаев атындағы орта мектебі оқушылардың Мектеп Парламенті өзін-өзі басқару ұйымының мектепішілік «Болашақ» командасы «Дебат» фракциясының жетекшісі- Шеңгелбай Д. мен педагог-ұйымдастырушысы- Сейсенбаева Н.Н. және мектеп әкімшілігі бірлесе отырып, аймақтық «Ұшқыр ой» дебат алаңы зияткерлік пікірсайыс іріктеу турнирін өткізді.
Бақылаушылар: Балқаш ауданы білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының тәрбие саласы бойынша әдіскері- Сейсеке Ақын.
Төрешілер: Ақкөл орта мектебінің дебаттық клуб жетекшісі Тұңғышбаева Гүлмира Музафаровна, Көкжиде орта мектебінің клуб жетекшісі Әбу Айдана Нұрланқызы
Қатысушылар : Үшжарма орта мектебінің дебаттық клуб жетекшісі:Жансерік Маржан Мұратқызы ,оқушылары Шайхы Бекзат,Ерболұлы Бекарыс
Береке орта мектебінің жетекшісі:Бейбітова Гулжанат Болатовна оқушылары Жексебай Асаль,Қалқаман Нұрай
Аралтөбе орта мектебі Ержанбаева Меруерт Абайқызы. Оқушылары Нұртай Ернұр,Серікқали Сымбат
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі жетекшісі Семқұлова Сандуғаш Ерадиловна, оқушылары Алпысбай Марал, Маделі Назар
Ж. Бәрібаев атындағы орта мектебі жетекшісі Шеңгелбай Досжан ,оқушылары Алмасұлы Шоқан, Елшібай Ғайни
Таңдалған 5-тақырып бойынша 5 команда алаңда өз ойларын еркін ортаға салып, сайыс ережесіне сай сөз шеберліктерін танытты. Пікір сайыс алаңында аталған командалар арасынан мектебіміздің «Болашақ» атты Дебат фракциясының мүшелері Алмасұлы Шоқан 9-сынып оқушысы, Елшібай Ғайни 8-сынып оқушысы мектеп сенімін ақтап, ойын барысында командалар ішінен топ жарып, аудандық кезкңге жолдама алды. Сонымен қатар, төрешілер шешімімен үздік ойын көрсеткен Береке орта мектебі мен Аралтөбе орта мектебінің ойыншылары арасынан шешуші кезең ұйымдастырылып, оқушыларымыз тақырып бойынша өз ұстанымдарын шебер сөйлеу арқылы дәлелдеп шықты. Аймақтық турнирдің төрешілерінің шешімімен Береке орта мектебінің жетекшісі:Бейбітова Гулжанат Болатовна, оқушылары Жексебай Асаль,Қалқаман Нұрай, Аралтөбе орта мектебі Ержанбаева Меруерт Абайқызы, оқушылары Нұртай Ернұр,Серікқали Сымбат аудандық кезеңге жолдама алды.

Похожие публикации: