алғашқы қоңырау » Ж.БәрібаевСредняя школа имени
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
+7(72773) 22-6-99
Бухгалтерия
+7(72773) 22-6-99
Версия для
слабовидящих
24
ноябрь
2022

алғашқы қоңырау

Балқаш аудандық білім бөлімінің 2021 жылғы 31 тамыздағы №735 хатына сәйкес Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебінде алғашқы қоңырау салтанатты жиыны «Білімге ұмтылу еңбексүйгіштік және отаншылдық» салтанатты жиын өткізілді. Мектеп ауласы безендіріліп, ашық алаңда өткізілді. Салтанатты жиынға ауданнан А.Қыбыраев , Ақжар ауылдық округінің әкімі Момынкулов Айдос Байболатұлы,ардагер ұстаздар, 1- сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.Салтанатты жиын жоспарға сәйкес жүргізілді. Мектеп директоры Деңгелбаева Назира Ғазизқызы алғашқы құттықтау сөз сөйлеп, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге жүрек жарды лебізін білдірді.
Шара барысында 1 сынып оқушылары тақпақ айтып, өлең жырларын арнады. Сондай -ақ қоңырау соғу рәсімі бойынша алғашқы қоңырауды 1-сынып табалдырығын аттап отырған оқушылар соқты. Салтанатты жиын өз деңгейінде өтті. Сонымен қатар 2-11 сынып оқушыларына «Білімге ұмтылу еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаты әр сынып өз кабинеттерінде әр сыныптың жас ерекшелігін ескере отырып, көрнекті құралдарды пайдаланып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Сынып сағат барысында оқушылар тәуелсіздікке қалай жеткендігіміз туралы өз ойларын ортаға салып, тәуелсіздікке арналған өлең ,жырларын да оқыды, еңбек, отаншылдық жайлы әңгіме жүргізді.