соңғы қоңырау 2021-2022 оқу жылы » Ж.БәрібаевСредняя школа имени
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
+7(72773) 22-6-99
Бухгалтерия
+7(72773) 22-6-99
Версия для
слабовидящих
» » соңғы қоңырау 2021-2022 оқу жылы
17
июнь
2022

соңғы қоңырау 2021-2022 оқу жылы

25-мамыр күні «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла, соңғы қоңырау» тақырыбында мерекелік салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында мектеп бітіруші түлектер, алғашқы ұстаздары Тойбаева Ғалия,сынып жетекшісі Худайназарова Миуагуль. Салтанатты жиынға шақыртылып, әнұран тыңдалып, салтанатты жиын ашылды.Алғаш сөзді мектеп директоры Н.Ғ. Денгелбаеваға берілді, оқушы мен мұғалімдердің жетістіктеріне тоқталып, бітіруші тұлектерге сәт-сапар тіледі.
Салтанатты жиын қонақтары Балқаш ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Қамзаев Асембек Күмісбекұлы.Ақжар ауылының әкімі Момынқұлов Айдос, ардагер ұстаздар Қасабекова Н., Шопанбаева Г. Салтанатты жиын қонақтары да мектеп түлектеріне сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіріп жатты.
5-сынып оқушылары Темірбек Азиза мен Елшібай Қанағат балалар жылына орай«Балдаурен» балаларға арналған әнің орындады. Мектебіміздің биші қыздары Рүстемқызы Айша, Арын Ақерке, Байсағиева Алина мен Амина қазақ биі «Дала құстары» және «Ұлытау» биін биледі. 6-сынып оқушылары Марат Расул мен Рүстемқызы Айсель «Мектебім» әнің орындап,мектеп бітіруші түлектер «Ұстазым» әнің орындап, барша ұстаздарға гүл сыйлады. 1-сынып оқушылары Жас түлектерге сәт-сапар тілеп өлең шумақтарын арнады.
Оқу жылының аяқталуы жайлы бұйрықпен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Уркинбаева А.Қ. таныстырды және мектеп үздіктері марапатталды.
Салтанатты жиын жүргізушілері Нұрбосынов Ерғазы мен Сейсенбаева Нургуль жиын соңында соңғы қоңырау соғу рәсімін мектебіміздің Жас түлектеріне тапсырды. Мектеп бітіруші түлектердің ата—анасының атынан Проценко Айкен сөз сөйлеп, сәт-сапар тіледі.