04
апрель
2022
Мектеп президенті
Алматы обысы, Балқаш ауданында Мектеп Парламенті президенттер арасында аудан көлемінде жарыс өтті. Ж. Бәрібаев атындағы орта мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының президенті 10-сынып оқушысы Арын Назерке қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды. Жарыс барысында мектептің үздік жобаларымен таныстырып, МП мақсат-міндеттері және атқарылып жатқан жұмыс жайлы толық мағлұмат беріп қорғады. Атқарылып жатқан жұмыс жайлы фото, видео көрсетілді. Арын Назерке сайыс барысында өзінің жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті президент екенің көрсете білді.