Рәміздерді насихаттау » Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 22-6-99
Есепші бөлімі:
+7(72773) 22-6-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
ноябрь
2022

Рәміздерді насихаттау

Ж. Бәрібаев атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау мақсатында біршама жұмыстар жүргізілді.
10.09.2022 жылы «Рәміздерім - мақтанышым» тақырыбында 1-6 сыныптар арасында жатқа өлеңдер айтылды.
12.09.2022 жылы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері» тақырыбында слайд жасалынып, 1-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне көрсетілді. Сонымен қатар ел рәміздерінің қай жылы қабылданғаны жайлы айтылып, авторларымен таныстырылды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері », «Рәміз дегеніміз не?» тақырыбында ұйымдастырушы-ұстаз Н. Сейсенбаева баяндама оқыды. Баяндаманы оқу барысында Рәміздерде бейнеленген нышандар туралы түсіндірмелер жүргізіліп, оқушылардан «Ел Рәміздері туралы не білеміз?» тақырыбында ауызша сұрақ – жауап алынды.
Оқушылар Мемлекеттік Туда, Елтаңбада бейнеленген нышандар туралы өз білетіндерін ортаға салды. Мемлекеттік Рәміздердің қай жерде орналасатыны жайлы, Ту мен Гимнді жиындарда қолдану тәртібі түсіндірілді. Соңынан «Әнұранды жатқа айта білеміз бе» деген сұрақ туындап ән - әуез пәнінің мұғалімінің сүйемелдеуімен Қ.Р.Гимні орындалды.

Педагог-ұйымдастырушы: Сейсенбаева Н

Похожие публикации:

24 ноябрь 2022 Құқық