1- сынып оқушыларын мектепке қабылдау туралы » Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 22-6-99
Есепші бөлімі:
+7(72773) 22-6-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1- сынып оқушыларын мектепке қабылдау туралы
31
март
2022

1- сынып оқушыларын мектепке қабылдау туралы

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді. 1сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.
Қандай құжаттар қажет?
*Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
*Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
*Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
*Егу паспорты (065/у нысаны)
*Баланың суреті (3*4 өлшемді) Балаларды қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша "Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО" МКМ-не хабарласып,әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы өзекті ақпаратты білуге болады.