24
октябрь
2023
Аудандық "Зерде" ғылыми жоба байқауы туралы
2023 жылдың 16 қазан күні Балқаш аудандық білім бөлімі тарапынан аудандық "Зерде" ғылыми жоба байқауы өтті. Байқауға мектеп 4 оқушы қатысты. 3-сынып оқушысы Қуан Нұрали "Жергілікті жердегі жер атауларының шығу тарихы" тақырыбында жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Г.Тойбаевамен жүргізген жұмысын ұсынып,аудан көлемінде жүлделі 2-орынға ие болды. 4-сынып оқушысы Төлепбай Ерасыл "Жергілікті жердегі қарлығаш құсының пайдасы" тақырыбында жұмысын ұсынып,жүлделі 3-орынға ие болды.Жетекшісі А.Проценко. 7-сынып оқушысы Темірбек Азиза жобаға"Жергілікті жердегі өсімдіктердің пайдасы" тақырыбында жұмысын ұсынып жүлделі 2-орынға ие болды.Жетекшісі А.Уркинбаева. 7-сынып оқушысы Елшібай Қанағат "Цистанхе өсімдігінің емдік қасиеті" тақырыбында жұмысын ұсынып,жүлделі 1-орынға ие болып,облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Г.Журкабаева.