Қоғамдық-гуманитарлық бірлестігінің 10 күндігі бойынша ақпарат » Ж.БәрібаевСредняя школа имени
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
+7(72773) 22-6-99
Бухгалтерия
+7(72773) 22-6-99
Версия для
слабовидящих
» » » Қоғамдық-гуманитарлық бірлестігінің 10 күндігі бойынша ақпарат
13
декабрь
2022

Қоғамдық-гуманитарлық бірлестігінің 10 күндігі бойынша ақпарат

«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО» МКМ-нің 2022-2023 оқу жылы қараша айының 14-25 қараша жұлдызы аралығында «Мемлекеттік тіл-рухани жаңғыру тілі»атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі болып өтті.Онкүндік жоспарлы түрде жүргізілді.Пән бірлестігінде ашық сабақтар жүргізіліп,сыныптан тыс іс шаралар жүргізілді. Пән мұғалімдері оқушылардың танымдық деңгейлерін артырып, пәнге деген қызығушылықтарын оятты. Шығармашылық жұмыстарға баулып, функционалдық сауаттылықтарын арттырды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейсенбаева Нұргүл 7- сыныбында қазақ тілі пәнінен «Ұлы адамдардың достығы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Еліктеу сөздің мағыналық жақтарына тоқталып, өмірмен байланыстыра білді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурымбетова Гульнар 5-сыныбына қазақ әдебиеті пәнінен «Қыпшақ Сейітқұл» атты ашық сабағын өткізді.Сабақта жаңаша әдіс –тәсілдер қолданып, оқушыларды пәнге қызығушылығын арттырды.Сабақта ақпараттың технологияларды қолданды. «Скиннер» ойыны арқылы домжұмысы тексерілді.Ағылшын тілінің маманы, жас маман Жантұрсынова Мадина 5-сынып оқушыларымен«Мерекелік іс-шаралар» атты ашық сабағын өткізді. Жас маман сабақты өте жоғарғы деңгейде өткізді. Шет тілінен әдіс –тәсілдерді тиімді қолданды.Информациятақ технологияны тиімді қолданды.Тарих пәнінің мұғалімі Алтынбекова Сандуғаш 8-сынып оқушыларымен «Қазақстандағы ұлттық автономиялар» тақырыбында ашық сабағын өткізді. Ашық сабақта оқушыларды іздендіре отырып, Қазақстандағы ұлттық автономиялар туралы жан-жақты тоқталды. Сабақта оқушылар бір-біріне сұрақтар қоя отырып, тақырыпты ашты.Жаңа ақпараттық технологияларды қолданды.Ағылшын пәнінің мұғалімі Шенгелбаев Досжан 4-сынып оқушыларымен «Жануарлар» » атты ашық сабағын өткізді.Сабақта оқушылар арасында сайыс ұйымдастырып, жеңімпазды анықтады. «Шыбын ұрғыш»т.б әдістерді қолдана отырып, оқушылардың шет тіліне қызығушылықтарын арттырды.