Денгелбаева Назира Газизовна » Ж.БәрібаевСредняя школа имени
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
+7(72773) 22-6-99
Бухгалтерия
+7(72773) 22-6-99
Версия для
слабовидящих
» » » Денгелбаева Назира Газизовна
18
апрель
2022

Денгелбаева Назира Газизовна

Денгелбаева Назира Газизовна 1986 жылы 11 қарашада Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. 2004 жылы жалпы орта білім беретін мектепті тәмамдап, Алматы қаласы №1 педагогикалық колледжіне оқуға түсіп 2008 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алды. 2009 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетіне түсіп, «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 2020 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің гуманитарлық ғылымдар магистрі дипломын иеленді. 2006-жылдан Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып, 2016 жылдың 4 қаңтарынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған. Осы жылдардан бері өз қызметін жауапкершілікпен атқаруда. Ұстаздық жолында ұрпақ тәрбиесіне ерекше атсалысқаны үшін 2020 жылы аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2019 жылы аудан әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. 2019 жылғы «Лучший педагог» байқауының І орын иегері. 2020 жылы аудандық «Лучший авторлық бағдарлама» байқауының басжүлде иегері, облыстық кезеңнің бас жүлде иегері атанды.2021 жылы облыстық Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған «Лучший авторлық бағдарлама» байқауының ІІІ орын иегері атанды. Оқушылары аудандық, облыстық, республикалық әдеби байқаулар, ғылыми жоба, «Жарқын болашақ» олимпиадасының жүлдегерлері. Оқушысы Арын Назерке облыстық Әбіш Кекілбаев оқуларының ІІІ орын иегері, Арын Ақерке облыстық Қадыр Мырзалиев оқуларының ІІІ орын иегері атанды.
Өз тәжірибесін аудан, облыс, республика көлемінде таратып жүрген білікті маман. 2015 жылы Кембридждік бағдарламаның ІІ (негізгі) деңгейі бойынша сертификатталған. Курстан кейінгі әріптестерін қолдау жұмыстарын жүйелі жүргізуде.
Назира Газизовна – отбасылы, 3 қыз 1 ұл тәрбиелеп отыр.
Назира Газизовна - әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
2021 жылдың 1 қарашасынан бастап, Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді. 

Похожие публикации:

26 февраль 2020 Мектеп тарихы
26 февраль 2020 Администрация
11 сентябрь 2017 Мектеп әкімшілігі