тілдер күні мерекесі » Ж.БәрібаевСредняя школа имени
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
+7(72773) 22-6-99
Бухгалтерия
+7(72773) 22-6-99
Версия для
слабовидящих
24
ноябрь
2022

тілдер күні мерекесі

5- қыркүйек күніне орай «Туған тілім -тірлігімнің айғағы» тақырыбында мектепішілік тілдер мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мектепішілік іс-шара 8,9-сынып оқушыларының тілдер туралы тақпақ айтуымен басталды, Берілген жырларды оқушылар жүрекпен жақсы мәнермен айтты. Әр сынып оқушылары өздерінің ана тілдеріне арналған әндерін, шығармашылықпен шығарған тақпақтарын мәнерлеп оқып берді. Жалпы тілдер мерекесіне арналған бағдарлама алдын – ала жоспарланып, бір аптаға созылды. Жоспар бойынша ең алдымен тілдер мерекесінің салтанатты ашылуы салтанаты, одан кейін әр тіл пәндерінің мұғалімдері жоспар бойынша жоспарланған тілдерге байланысты бағдарламаларын, сайыстарын, интеллектуалдық ойындарын сынып бойынша өткізді сынып сағаттарында. Тілдер мерекесіне арналған салтанатты жиында 9 -сынып оқушысы «Жас ұлан» ұйымының президенті Алмасұлы Шоқан құттықтау сөз сөйлеп, А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылық жолына тоқталып кетті. Әр сынып оқушылары тілдер апталығына қатысып, аса белсенді оқушылар турлі марапаттарға ие болды. 6,7,8 сынып оқушылары тіл туралы ән шырқап, мектебіміздің биші қыздары қазақ би биледі.