2021-2022 оқу жылындағы Бастауыш сыныптар ӘБ-нің онкүндігінің өтуі жайлы » Ж.БәрібаевСредняя школа имени
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
+7(72773) 22-6-99
Бухгалтерия
+7(72773) 22-6-99
Версия для
слабовидящих
» » 2021-2022 оқу жылындағы Бастауыш сыныптар ӘБ-нің онкүндігінің өтуі жайлы
04
февраль
2022

2021-2022 оқу жылындағы Бастауыш сыныптар ӘБ-нің онкүндігінің өтуі жайлы

Апталық  мектеп басшысы Денгелбаева Н.Г. бекітуімен жоспарланып, 17.01.22ж. салтанатты жиында ашылу рәсімімен басталды.  Жоспарланған ашық сабақтар, тәрбие шаралары - сынып сағаттары бейнеленген стенд ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптар апталықтың өткізу бағдарламасы оқу әрекетінің түрлі әдістері мен тәсілдерін көрсетті. Саралауға арналған жұмыс түрлері ұжымдық және дербес жұмыспен бірігушілік танытты. Оқушыларлың ойлау қызметін белсенділендіру үшін көрнекі құралдар, ұстаздар мен оқушылардың жасаған тұсаукесерлері пайдаланылып, ойындар, сайыстар, викториналар өткізілді. 
17.01. күні .«Әдемі жазу – өнер» тақырыбында 2-4 сыныптар арасында көркем жазу байқауы өткізілді. Әр сынып жетекшісі өз сыныбында оқушыларына көрем жазу бойынша тапсырма беріп , жазу жұмысы жүргізілді.
Қаңтардың 18-і күні «Ой-түйін» бөлімінде сөзжұмбақ пен ребустар шешу жоспарланды.Оқушыларымыз сөзжұмбақтар мен ребустар шешуді ұнатады, соған сәйкес сөзжұмбақ пен ребустарды жарыса шешті.
Қаңтардың 19-ы күні 2-сыныпта Проценко А.К. математика пәнінен үлгі сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы фигуралар салу. Сабақ жақсы дәрежеде өтті. Психологиялық ахуалды «Гүл сылау» тренингі өткізілді. Сурет құрастыру арқылы топқа бөлінді. Жеке , жұптық, топтық жұмыстар жүргізілді. «Анықта», «Фигуралар біздің өмірімізде» әдістері пайдаланылды. Оқулықпен, тақтамен жұмыстар жүргізілді. Формативті бағалау болды. Сабақ соңында қалыптастырушы бағалау жүргізілді. «Ашық микрофон» әдісі бойынша кері байланыс берілді. Ұсыныс.:Уақытты тиімді пайдалану.
Қаңтар айының 20-сы күні 3-сыныпта Тойбаева Г.К. қазақ тілінен үлгі сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Зат есім. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда ана тілі туралы өлең шумағы оқылды. Санау әдісі бойынша топқа бөлінді. «Шашылған әріптер» әдісімен өткен сабаққа шолу жүргізілді. Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбы анықталды. Зат есімге түсінік беру видео арқылы көрсетілді. «Сиқырлы шаршы»әдісі арқылы 9-жаттығудың тапсырмалары орындалды. Жазылым тапсырмасында 10-жаттығу орындалды. Мәтіннен зат есімді тапты.Топтық жұмыста ребус шешілді. Сөйлемнен зат есімді тапты. Саралау тапсырмасы «Тапсырма » әдісі арқылы жүрді. Жинақтау 5 қадам әдісімен. Обратная связь бағалау терезесі арқылы берілді. Оқушылар «Сызғыш» әдісімен өзін-өзі бағалады. Соңында дескриптор негізінде мұғалім оқушыларды бағалады.
Қаңтар айының 21-і күні «Шебер қолдар» тақырыбында сурет салудан байқау өтті. Балалар туған жер, табиғат жайлы суреттер салды.
Қаңтардың 24-і күні мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.1-4 сынып оқушылары жаттаған өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп айта білді.
Қаңтар айының 25-і күні 1-сыныпта ана тілінен үлгі сабақ өткізді. Тақырыбы: Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Сабақ «Досымның жақсы тілегі» атты психологиялық ахуалмен басталды. Геометриялық фигуралар арқылы жұпқа бөлінді. 1-жаттығуда оқылым дағдысы орындалды. Сурет бойынша әңгіме құрады.  Жазылым тапсырмасында көркем жазу жүргізілді. 3-жаттығу орындалды.«Үйшік» ойыны саралау тапсырмасында орындалды. Әр оқушы өзі қалаған суреттерді таңдау арқылы мұғалімнің суреттерге жасырынған сұрақтарына жауап берді. «Өз ойым» әдісі арқылы кері байланыс берілді. Шапалақ, бас бармақ арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізілді.
Қаңтар айының 26-сы күні 1-сыныпта Төлепбай Т. математика пәнінен үлгі сабақ өткізді. Тақырыбы: Есептер шығару.Сабақ психологиялық ахуалдан басталды. Жұпқа бөлінді.                             Сабхат сабақ түрінде өтті. Әр кезең бойынша тапсырмалар орындалды. Есептер шығарылды. Кері есеп құрылды.оқушылар есептің сұлбасын сыза білді. «Дүкен», «Кім жылдам?», «Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі сабақта тиімді пайдаланды. ФБ  бас бармақ, бағдаршам, смайлик арқылы жүргізілді. Смайлик арқылы келі байланыс берілді. Ұсыныс: Уақытты тиімді пайдалану.
Қаңтар айының 26-сы күні 3-сынып арасында Тойбаева Г. «Білгірлер мен білімділер» сайысын өткізді. Сынып   «Алғырлар» тобы, « Тапқырлар» тобы болып бөлінді. Сайыс мына кезеңдер бойынша өтті:
1. Таныстыру
 2. «Тездет, бірақ қателеспе!»
 3.  «Ұшқыр ой»4. «Ойлы болсаң, озып көр»
 4.  «Тапқыр болсаң, талас жоқ»
 5  «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» жарнама жасау
 Әр кезең бойынша әр топқа өз деңгейлері бойынша тапсырма берілді. Оқушылар белсенді түрде қатысып білімділік, тапқырлық таныта білді. Сайыс нәтижесі бойынша  әділказылар орындар беріп қорытындылады.
Қаңтар айының 27-сі күні 4-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен Сәттібай А. үлгі сабақ өткізді. Тақырыбы: Табиғат сипаты. Билет таңдау арқылы 3 топқа бөлінді. Табиғат туралы өлең оқыды. Өткен тақырыпты «Күннің шуағы» әдісі арқылы сұрады.Венн диаграммасы арқылы шаруа мен байды салыстырды. Сәйкестендіру арқылы жаңа  тақырыпты ашты. Автормен таныстырды. Өлеңді аудиожазба арқылы тыңдатты. Шығармашылық жұмыс орындалды. Әр топ өздерінің атуларына сай постер құрып, қорғады.(Жаңбыр, қар, бұршақ) «Білім гүлі» әдісімен кері байланыс берілді. Өзін-өзі бағалау арқылы ФБ қойылды. Ұсыныс: ҚБ тиімді жүргізу.
    Қаңтар айының 27-сі күні Сәттібай А. 4-сынып арасында «Зерде» Интеллектуалдық ойынын өткізді. Мақсаты: Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Сайыс шарттары:
1. Бәйге сайысы
2. Тіл-өнер сайысы
3. Төрт жұмбақ сайысы
4. «Бұл кім?»
5. Жорға сайысы.
Оқушылар өз білімдерін ортаға салды. Тапқырлықтары мен алғырлықтарын көрсете білді. Әр топ өз шамалары келгенше тапсырмаларды орындай білді. Сайыс қорытындыланып, жеңімпаз анықталды.     
 Бастауыш сыныптар апталығы оқушыларға өз шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Барлық ұстаздар апталық барысында жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін танытып, мерекелік шығармашыл орта құра білді.Оқушылар пәндер бойынша білімдерін көрсетіп, оны түрлі жағдаяттарда қолдана алу білігін, өзара көмектерін танытып, қиын сұрақтардың түрлі шешімдерін қарастырды.  Бастауыш сыныптар апталығы шығармашыл, ынтымақшыл ортада өтті  және бастауыш сыныптар жұмысының нәтижелілігін көрсетті деп нық сеніммен айтуға болады. Мадақтамалар табыс етіліп, ду қол шапалақпен құттықталды. Барлық оқушы дерлік Грамота мен Алғыс хатқа ие болды. Яғни, біз бастауыш сыныптар апталық алдына қойылған барлық міндеттерді шеше білдік деп айта аламыз.
Өткізілген ашық сабақтардың жоспарлары, арнаулы папкада жинақталған.