күзгі еңбек » Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 22-6-99
Есепші бөлімі:
+7(72773) 22-6-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
ноябрь
2022

күзгі еңбек

Қыркүйек айының саңғы аптасында күзгі еңбек пен күзгі табиғатқа арналған іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға 1-10 сынып оқушылары қатысты. Өзін өзі басқару ұйымының президенттері безендіру жұмыстарына қолғабыс берді. Іс-шарада күзгі еңбек, күзге арналған тақпақтар, оқушылардың «Алтын күз» тақырыбына арналған суреттері көрініс тапты. Сонымен қатар, сынып жетекшілер «Алтын күзге» арналған әр тақырыпта команда құрып, сайысқа түсті. 1-4 оқушылар арасында «Алтын күз» тақырыбында сурет көрмесі, оқушылардың қолдан жамағанбұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. 1сынып оқушылары «Жемістер», 2-сынып «Анарлар», 3-сынып «Жапырақтар», 4-сынып «Таңқурайлар» тобы болып жарысып, үздіктері анықталды. Басжүлде 2-сынып, 1-орын 4-сынып, 2-орынды 1мен 3- сынып оқушылары иеленді.
5-10 сынып оқушылары да командалық жарыс өткізді. 5-сынып «Жүзімдер», 6-сынып «Алмалар», 7-сынып «Күнбағыстар», 8-сынып «Шиелер», 9,10-сынып «Қарбыздар» командасы болып жарысты. Мектеп оқушылары «Алтын күз» тақырыбында салған суреттері, жасаған бұйымдары республикалық байқауға жіберіліп, түрлі марапаттарға ие болды.