І тоқсан қорытындысы бойынша оқу-тәрбие жоспарының қорытындысы бойынша ақпарат » Ж.Бәрібаев атындағыSecondary school
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Reception room :
+7(72773) 22-6-99
bookkeeping:
+7(72773) 22-6-99
Version for
visually impaired
» » І тоқсан қорытындысы бойынша оқу-тәрбие жоспарының қорытындысы бойынша ақпарат
15
November
2021

І тоқсан қорытындысы бойынша оқу-тәрбие жоспарының қорытындысы бойынша ақпарат

Педагог-мамандармен жұмыс жоспары бойынша 

Аудан көлемінде Ж.Жабаевтың шешендігін насихаттау мақсатында өткен мұғалімдердің «Best авторлық бағдарлама» байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Денгелбаева «Жүз жасаған бәйтерек» тақырыбында өз авторлық бағдарламасын жасап ұсынды.

Аудандық «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» тақырыбында педагогикалық олимпиадаға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.Шеңгелбай қатысып,жүлделі 3-орынға ие болды.

Облыстық «Біз адал елдің ұрпағымыз» тақырыбында өткен бейнесабақтар жарысына өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Г.Журкабаева өз бейнесабағын ұсынды. 

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Рысқалиева мектепішілік «Білімдегі олқылықтарды жою:жоспарлау және жүзеге асыру» тақырыбында шебер сынып ұйымдастырып,ұстаздар арасында өз тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта осы тақырыпта облыс көлемінде өз тәжірибесімен бөлісуді жоспарлауда.

  Schoolchildren achievementне тоқталсақ: аудандық «Дарын»ғылыми жобасына  10-сынып оқушысы әдебиет пәні бойынша «Бек Тоғысбаев шығармаларындағы ұлттық рух» тақырыбы бойынша Арын Назерке қатысты. Жетекшісі Г.Нурымбетова. 8-сынып оқушысы Арын Ақерке физика пәнінен «Біздің айналамыздағы физиканың ролі» тақырыбы бойынша қатысып жүлделі 2-орынға ие болып,облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі Г.Казангапова. Аудандық   «Тұлпар мініп, ту алған» тақырыбында Едіге батыр жырын жатқа айту сайысына 7-сынып оқушысы Елшібай Ғайни қатысып,бас жүлдеге ие болып,облыстық кезеңіне жолдама алды. 2-сынып оқушысы Алмасұлы Бекасыл аудан көлемінде өткен Кіші ғылыми академиясы жобасына қатысты. Жұмыс тақырыбы: «Жергілікті жердегі өсімдіктердің пайдасы». Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі А.Проценко.8-сынып оқушылары арасында өткен «Айқанат» олимпиадасына химия пәнінен Алмасұлы Шоқан және география пәнінен Арын Ақерке 1-кезеңіне қатысты. Жетекшілері Е.Каренеев, Ж.Төлжарасова.

Мектеп бойынша серіктес мектептер арасында жетекші роль атқаратындықтан жетекші А.Косымова жоспар құрып,облыс көлемінде бекітуге ұсынды. Және де магниттік мектептер арасында жүргізілетін жұмыс жоспары да жасалып, бекітуге ұсынылды.